Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі " КММ"
КГУ "Общеобразовательная школа №1 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

      Ескерту. Әдеп кодексі жаңа редакцияда-ҚР Президентінің 2022.02.22 № 814 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
 
1 тарау. Жалпы ережелер
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Бұл қоғамның өмірін қамтамасыз етуден және қоғамдық мүдделерді ең жақсы және тиімді түрде қанағаттандырудан тұрады.
 
      Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адал болуды және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуді, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды міндеттейді.
 
      Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуға тиіс.
 
      Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетпен құзыретті және тиімді орындайды деп сенеді.
 
      Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.
 
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің осы Әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық ахуалын жасауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
 
      3. Кодекстің мәтіні мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастырылады.
 
      4. Осы Кодексте белгіленген қызметтік әдеп стандарттары барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті.
 
2 тарау. Мемлекеттік қызметтің этикалық қағидаттары
      5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді:
 
      1) адалдық-қоғамға мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
 
      2) адалдық - өз міндеттеріне шынайы көзқарас;
 
      3) әділеттілік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
 
      4) ашықтық-жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болу және өз іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз ету;
 
      5) сыпайылық-азаматтар мен әріптестерге сыпайы және құрметпен қарау;
 
      6) клиентке бағдарлану – Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуларына және өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу бойынша тұтастай бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау. 
 
3 тарау. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары
      6. Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады:
 
      1) қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
 
      2) мемлекет мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға міндетті;
 
      3) заңда белгіленген шектеулерді сақтауға, мүдделер қақтығысын болдырмауға міндетті;
 
      4) азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс;
 
      5) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға, азаматтардың алдында өздері өкілдері болып табылатын мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне анық нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;;
 
      6) лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты құқыққа сыйымсыз уәделер бермеуге және кез келген сипаттағы құқыққа сыйымсыз міндеттемелер алмауға міндетті;
 
      7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін, сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбауға; ;
 
      8) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік мүлікті лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін тек қана нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға;
 
      9) қызметтік міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді көздемеуге міндетті.
 
      7. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
 
      8. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста:
 
      1) ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге міндетті;
 
      2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға міндетті;
 
      3) Ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға;;
 
      4) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға тиіс;
 
      5) қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдауға;
 
      6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сыйыспайтын әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге;
 
      7) әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс;
 
      8) әріптестеріне өзінің діни нанымдарын таңдамауға, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге міндетті.
 
      9. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.
 
      Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.
 
      Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуге тиіс.
 
      10. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қарапайымдылық танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғушылықпен ұштасатын қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
 
4 тарау. Қызметтік этиканы бұзу профилактикасы бойынша Үйлестіру
      11. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган заңнамаға сәйкес қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді жүзеге асырады.
 
5 тарау. Қызметтік әдепті бұзғаны үшін жауаптылық
      12. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.
 
 
  Бекітілді
Президентінің Жарлығымен
Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153
ЕРЕЖЕ
Әдеп жөніндегі уәкіл туралы
1. Жалпы ережелер
      1. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (бұдан әрі-әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
 
      2. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.
 
      Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы аумақтық бөлімшелері не ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.
 
      Аумақтық бөлімшелері не ведомстволарының аумақтық бөлімшелері жоқ мемлекеттік органдарда( құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінде, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, шет елдердегі мекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар әкімдерінің аппараттарында, қалалардағы аудандардың Әдеп жөніндегі уәкілінің функциялары осы мемлекеттік органдардың қызметшілеріне жүктеледі.
 
      Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.
Жаңартылған күні: 25.03.2022 12:01
Құрылған күні: 25.03.2022 12:09

Текст